#ТұңғышПрезидентКүні
2012 жылдың алғашқы қысқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мерекелік және демалыс күні болды. Осы жылдан бастап 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі.
Мереке Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында құрылған.
Тұңғыш Президенттің алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы Заңға қол қоюы болды. Ал тағы алты күн өткен соң — 1991 жылғы 16 желтоқсанда — Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанның егемен мемлекет болып жариялануын білдірді.
Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Қазақстанды қазіргі демократиялық мемлекет ретінде таниды. Республиканы 1990 жылғы 24 сәуірден қызметке тағайындалған сәттен бастап 2019 жылғы 20 наурызға дейін басқарған тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың еңбегі зор.
Мереке Мемлекет басшысының байрағын көтеру және Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру салтанатты рәсімінен басталады. Бұл күні елімізде түрлі мәдени, спорттық және басқа да мерекелік іс-шаралар өтеді. Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз және біздің елімізде Н.Ә. Назарбаев сияқты көрнекті тұлғалар бар екенін мақтан тұтамыз!