Мектепаралық оқу - өндірістік комбинат - бұл кәсіптік бағдар беру жұмысын іске асыратын, жетіспейтін ресурстарды өтеуге мүмкіндік беретін бірыңғай білім беру кеңістігін ұсынатын қаланың жалпы білім беретін мектептерінің өзара іс-қимыл кешені.
Мектепаралық оқу–өндірістік комбинаты 1979 жылдан бастап жұмыс істейді. Оқыту екі тілде жүргізіледі – орыс, қазақ.
МОӨК-ның негізгі мақсаты - қала және кент мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы. Осы мақсатқа қол жеткізу және осы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін МОӨК-да 8 бейін бойынша 4 бағыт жұмыс істейді:
Техникалық бағыт
Экономикалық бағыт
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт
Қолданбалы бағыт
Оқыту педагогикалық кеңестің, Степногорск қаласының білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысында қаралған және бекітілген біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес үлгілік білім беру бағдарламасы негізінде құрылған МОӨК мұғалімдері әзірлеген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.