16-27 қараша аралығында мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының мұғалімдері Кубрина С.В. және Бекмағамбетова Б. Е. «IT-кәсіпкерлік негіздері жобаны коммерцияландырудың өзекті құралдары ретінде» онлайн біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Ұйымдастырушысы -ҚР БжҒМ ҚБРОӘО. Курсты тәжірибелі педагогтар мен жаттықтырушылар, кәсіпкерлер, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар жүргізді. Қатысушылар Республиканың түкпір-түкпірінен қосымша білім беру педагогтары болды. Екі апта бір деммен өтті, барлығы әңгімелерге, практикалық тапсырмаларға, жобаларға, жаңа идеяларға, тәжірибе алмасуға құмар болды. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар онлайн-тестілеу тапсырып, балалар мекемелері базасында бизнес-инкубаторларды дамыту саласындағы жобаларды қорғады. ҚБРОӘО-на болашақ дамуға жаңа серпін бергені үшін рахмет!