Текст
Педагогикалық шеберлікті жетілдіру және техникалық бағыттағы инновациялық жобаларды дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Ақмола облысының қосымша білім беру ұйымдарында 25 тамызда «Қосымша білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың техникалық құзыреттілігін дамыту әдістері» онлайн-семинары өткізілді. Аталған семинарда біздің ұйымдардың техникалық шығармашылығындағы проблемалар мен жетістіктер талқыланды, сондай-ақ «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық онлайн-конкурсын өткізу бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді. Семинар жұмысына МОӨК «Бағдарламалау негіздері және робототехника» үйірмесінің жетекшісі П.Ю. Зворыгин қатысты.