Текст
19 тамызда барлық мұғалімдер үшін «2020-2021 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша қашықтықтан жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің мақсаты педагогтарды 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында оқытудың ерекшеліктері туралы хабардар ету болды. МОӨК директоры Кубрина С.В. оқытуды ұйымдастыру бойынша ҚР БҒМ тұжырымдамасын жария етті, директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ногай О. П. мұғалімдерді нормативтік құжаттамамен таныстырды, барлығы бірге өз мекемесіндегі жұмыс ерекшеліктерін талқылады. Баршаңызға жемісті жұмыс!