Текст
9 наурыз 2023 жылы МКҚК МОӨКда мұғалім Сипульдин О.А "Қиылыстарды өту" тақырыбында өзінің ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің білім деңгейін көрсете білді. Мысалы : жол қиылыстарының макеттерін қолданып, жол жүру ережелерін қалай менгергенін, әр түрлі ситуациядан қалай шығу жолдарын, интерактивті тақтада дайындаған плакаттардан жіберілген қателіктерді тауып, оны талқылап, қалай шығу жолдарын көрсете білді. Өзара топтарға бөлініп жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Сабақтың өте жоғары деңгейде өткені мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастыру, түсіндіру, оқушылармен кері байланыста жұмыс істейтінін көрсетті. Сабақ өте қызықты және қойған мақсатына жетті деген ой қалыптасты.