Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында МОӨК базасында қала әкімі Алпысбай Қайыржановтың қатысуымен "Біз ел болашағымыз" атты жастар форумы өтті! Байқаудың ұйымдастырушысы Степногорск қаласының Жастар ресурстық орталығы және "Женский луч"ҚБ болды. Форум аясында белсенді жастармен диалог ұйымдастырылып, ЖРО жұмысы және жалпы қалада жастармен жүргізілген жұмыстар туралы есеп тыңдалды, дебаттар мен конкурстардың жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ, МОӨК зертханалары, кофе-брейк және интерактивті алаң бойынша экскурсия жүргізілді. Кездесу жылы, креативті және жеңіл өтті! Мереке құтты болсын жастар, өйткені сіздер еліміздің болашағысыздар!