10 қыркүйекте Жастар бизнес-инкубаторы базасында Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігін мерекелеу аясында С.В. Кубрина 10 сынып оқушыларымен "Тіл-халық байлығы"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: елімізді мекендейтін түрлі ұлттар тілдерінің әртүрлілігі мен сұлулығын және олардың Қазақстан халықтарының отбасындағы бірлігін көрсету. Балалар ана тілінің, көптілділіктің маңыздылығы туралы ой қозғады. Шара басында Құрманғазының "Сарыарқа"күйі орындалды. Музыкалық шығарма біздің республикамызда тұратын түрлі халықтардың аспаптарында орындалды. Содан кейін балалар бір-бірімен әр түрлі тілдерде амандасты. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент пен Қазақстан халықтары Ассамблеясының мемлекетіміздегі мәдениетаралық және этносаралық келісімді қолдаудағы рөлі талқыланды. Дөңгелек үстел өткізу барысында көрнекті адамдардың қазақ тілінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы ой қозғады: Абай - ол ана тілін жоғары филосовиялық және поэтикалық деңгейге көтерді; Ахмет Байтұрсынов – ол біздің грамматикамызды жасады; Жүсіпбек Аймауытов – алғашқы қазақ прозашысы; Мұхтар Әуезов-ұлы жазушымыз және тағы басқалар. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін. Өйткені, тіл қоғам өмірімен, халықпен байланысты. Барлық тілдердің бір басты міндеті-барлық адамдарға бір-бірін түсінуге көмектесу.