Текст
Бүгін біздің қаламызда Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған фестивальдің ашылуы өтті. МОӨК оқушылары Степногорск қаласының хореографиялық ұжымдарымен, вокалдық ансамбльдерімен және этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен тең дәрежеде белсенді қатысты. Мерекелік атмосфера, жағымды көңіл-күй және ұжымдық шығармашылыққа баулу болашақ мәдени ұйымдастырушыларды одан әрі шабыттандырды.