Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі МУПК оқушыларына арнап, Бақытжан Қанапьяновтың 75 жылдығына орай «Жыр – әлемнің жарық жұлдызы» атты әдеби этюд өткізді. Қатысушылар ақынның инженер, боксшы, кинорежиссер болғанын, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқанын және «Невада – Семей» антиядролық қозғалысына белсене араласқанын білді. Сондай-ақ оның Олжас Сүлейменовпен шығармашылық достығы туралы әңгімелестік. Ақынның поэзиясымен танысу ойын түрінде өтті. Күзгі жапырақтарға жазылған негізгі сөздер арқылы қатысушылар өлеңдердің мазмұны мен көңіл күйін болжады. Кейін өз болжамдарын өлеңнің түпнұсқасымен салыстырды. Шара соңында шырақтарды өшіріп, Қанапьяновтың «Сүйікті өлең – әлі жазылмаған өлең» деген сөздерін еске алдық. Жастарға алда өздерінің әлі жазылмаған талай жарқын беттері болсын деген тілек білдірдік.