Текст
IT-лагердегі 4-ші күн «Табиғатқа терезе» деп аталады. Бұл күні балалар табиғи материалдардан қолөнер жасады, бақа роботын жинады, тышқан роботын бағдарламалады, Scrath ортасында жылан ойынын жасады. Балалар өздерінің тәлімгерлерімен ағаштар мен бұталар туралы ақпаратты зерттеді. Содан кейін О.П. Ногаймен МОӨК ауласында ағаштардың диаметрін өлшеді, олардың жасын белгілеп, таза ауада ойындар ойнады.