"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

IТ-лагерь - Бірінші маусымы

01.06.2021

Бүгін ІТ-лагерьдің алғашқы маусымы басталды. Бұл күн танысуға арналды. Психолог Е.Канаева қала мектептерінің кіші буын оқушыларымен бір-бірімен алғашқы танысуға, коллаборативті орта құруға, өзіндік бірегейлікті қабылдауға, ортақ мүдделерді іздеуге, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сабақ өткізді. Сондай-ақ, осы кездесу аясында оқушылар тек оқуда ғана емес, күнделікті өмірде де пайдаланатын негізгі зияткерлік көмекшілерді (есте сақтау, зейін, ойлау) дамыту және жетілдіру бойынша сабақ өткізілді. Оқушылар психолог ұсынған тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады, жетістіктерге қуанды және сәтсіздіктерге ренжіді, нәтижелерді талдады, өз қабілеттері туралы қорытынды жасады. Сабақ қорытындысы бойынша оқушыларға негізгі танымдық үдерістердің жұмыс сапасын жақсарту бойынша жеке ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, бүгін практикалық сабақ пен ойындар болды. МОӨК-қа қош келдіңіздер, қымбатты балалар!

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст