"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

#ОҚУҒА ҚАЙДА БАРУҒА БОЛАДЫ? Қарағанды индустриалдық университеті

14.05.2021

Тау-кен металлургия саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны.
Жоғары оқу орнының есігі сапалы білім алуға және табысты мансап жасауға ұмтылатындардың барлығына ашық.
ҚарИУ студенті болу құрметті және жауапты.
ҚарИУ студенттері кәсіби дайындығының жоғары деңгейімен, өндірістік міндеттерді шешуге бейстандарттық тұрғыдан келу қабілетімен ерекшеленеді, бұл оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді. ЖОО түлектері мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, халықаралық компанияларда, ірі өндірістік кәсіпорындарда, білім беру мекемелерінде және ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді.
Байланыстар:
101400
Қарағанды облысы
Теміртау қ., Республика даңғ., 30.
Телефоны: 8 (7213) 91-56-26; 91-16-59; 91-42-66.
Тел/факс: 8 (7213) 91-56-26
E-mail: info@tttu.edu.kz
Сайт: www.kgiu.kz.
Техникалық-экономикалық колледж «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін колледж - ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.
ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылдың қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы, қарқынды дамып келе жатқан колледж болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейді және техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап береді.
Мемлекеттік лицензияға сәйкес колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:
Оның ішінде екі экономикалық мамандық бойынша
* 0515000 «Менеджмент» — біліктілігі: менеджер;
* 0518000 «Есеп және аудит» — біліктілігі: экономист-бухгалтер;
және 7 техникалық мамандықтар:
* 0907000  «Техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері» — Біліктілігі: техник-жылу технигі;
* 0911000 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» — біліктілігі: электромеханик;
* 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» — біліктілігі: техник-механик;
* 1002000 «Қара металдар металлургиясы» - біліктілігі: техник-металлург;
* 1304000  «Есептеу техникасы және бағдарламалық оқыту» - біліктілігі: техник-бағдарламашы;
• 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» - біліктілігі: техник-құрылысшы,
* 1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» — біліктілігі: техник – механик.
«Біздің мамандар - бұл болашаққа деген сенім!»
Колледжде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша 9 және 11-сыныптар базасында жүргізіледі.
Оқу орнында студенттермен оқудан тыс жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар және белгілі бір материалдық-техникалық база жасалған.
Халықтың жекелеген санаттары мен топтары үшін техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында студенттерге оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, оқуға гранттар түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Колледж студенттері университеттің кітапханасын, оқу залын, компьютерлік сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін пайдаланады.
Колледжді бітіргеннен кейін студенттер аралас мамандықтарға Қарағанды индустриялық университетіне және басқа да жоғары оқу орындарына қысқартылған оқу түрі бойынша — 2,5 жыл күндізгі бөлімге және 3,5 жыл қашықтықтан бөлімге түсу мүмкіндігіне ие болады.

Просмотров: 555


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст