16 сәуір күні МОӨК-ның 11 сынып оқушылары Ақмола облысының «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» бойынша онлайн қонақ дәрісіне қатысты. Балалар үшін лектор ретінде Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер Құсаин Гүлмира Қыдырманқызы сөз сөйледі. Ол балаларға кәсіпкер атанғаны, мемлекет кәсіпкерлерге қандай көмек көрсететіні, кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттерді дамыту қажет екендігі, осы мәртебенің қандай артықшылықтары туралы айтып берді. Гүлмира Қыдырманқызы балаларды мақсатты, бастамашыл болуға, көп оқуға, тіл үйренуге және өз Отанын сүюге шақырды! МОӨК мұғалімдері мен оқушыларының атынан осы іс-шара үшін Ақмола облысының «Атамекен» ҰКП-ға, ал Гүлмира Қыдырманқызына ашық және мейірімді хабар үшін алғысымызды білдіреміз!