Текст
28 қыркүйекте "Smart Step" жастар бизнес-инкубаторының базасында облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімімен және ЖРО-мен бірлесіп, жастар саясаты және қазіргі әлемде жастарды жайлы әлеуметтендіру үшін қабылданатын шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәсіби өзін-өзі анықтау, қаржылық даму, мемлекеттік қолдау бағытында өткізілетін іс-шаралар, жоспарлар мен жұмыстар таныстырылды. Іс-шара соңында зияткерлік ойын өтті, жүлделер, сондай-ақ ең белсенді басшылар мен студенттер алғыс хаттармен марапатталды.