"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні

2 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні аясында Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының базасында мектеп парламенттерінің мүшелері мен 10-11 сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының болашақ сайлаушылары үшін ұйымдастырылған «Жаңа Ұрпақ дауысы» квест-ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық және сайлау мәдениетін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы білімдерін тереңдету, сондай-ақ елдің болашағы үшін белсенді азаматтық ұстаным мен жауапкершілікке тәрбиелеу. Квесттің негізгі тақырыбы демократиялық мемлекеттің негізі ретінде заңның үстемдігі болды.
Ойынға алты қалалық мектептің оқушылары қатысты, олар жеребе қорытындысы бойынша үш командаға біріктірілді. Квест барысында әр команда адал, ашық және демократиялық сайлау қағидаттарын ашуға бағытталған бес кезеңнен өтті.
Қатысушылар қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау алдындағы процесін модельдеуге кірісті: кандидаттың сауалнамасын толтырды, «кандидаттың портфелін» қалыптастырды, үгіт материалдарын әзірледі, құқықтық жағдайларды талдады және «сайлаушылар» алдында сөз сөйледі.
Шараның соңғы кезең бюллетеньдерді қолдана отырып, жасырын дауыс беру болды, бұл қатысушыларға өздерінің сайлау құқығын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, балалар дауыстарды санауға қатысып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға қосымша ұпайлар берілді.
Квест барысын және дауыс беру рәсімін бақылауды сайлау ұйымдастырушы мемлекеттік органдардың өкілдері жүзеге асырды:
Бельгибаева Н.Б., Степногорск қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары; Бекмағамбетова Б.Е., № 2 аудандық сайлау комиссиясының төрағасы; Довгаль Н.Н., № 69 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі.
Іс-шараның ақпараттық сүйемелдеуін «Престиж» газетінің тілшісі Галия Хозина қамтамасыз етті.
Квест ойыны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, танымдық және айқын патриоттық бағытымен ерекшеленді. Қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң сайлау процесінің негізі болып табылатынын, ал жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен әрбір дауыстың маңыздылығы демократиялық қоғамның дамуында шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
/public/files/2026/2/25/250226_133736_62767777520996723108032105405748607137368510n.jpg

Текст