Текст
1 наурыз - Алғыс айту күні! Мерекенің тарихы шағын және оның дәстүрлері енді ғана қаланып жатыр, бірақ бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде адамдар бір-біріне «рахмет» айтады! Бейбітшілік үшін, достық үшін, ынтымақтастық үшін, жұмыс үшін, қамқорлық үшін және тағы басқалар үшін рахмет... Бүгін МОӨК базасында жылы шырайлы атмосферада бұл мереке 50-ден астам әйелдер үшін өтті. Әкім Алпысбай Қуандықұлы бастаған қала басшылығы қоғамдық жұмыстар мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.